16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінде желтоқсан оқиғасының ардагерлері Досанов Еркінбай Болысбаевич, Сарбаев Нұрбек Спатаевич, ауыл тұрғындарының қатысуымен «Желтоқсан жаңғырығы» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы Айнұр Бегалиева «Тәуелсіздік тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
