«Тәуелсіздік жетістіктері»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.