Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Терроризм мен экстремизм — елге төнген қауіп» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға діни тәрбие бере отырып адамгершілік, ізеттілік, имандылық құндылықтарын бойға сіңіру, жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы жастардың көзқарастарын дұрыс қалыптастыру.
