21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аташбек Әмірқұлдың қатысуымен «Тіл ғылымы — тағылым» тақырыбында ақпарат сағаты болып өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау.