Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 85 жылдық мерейтойына орай «Цифрлы қоғам және кітапхана» атты республикалық кітапханашылар конференциясы өтті.
Конференция барысында кітапхана ісіне сүбелі үлес қосқан үздік мамандар марапатталды.
Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Бақалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Күлзипа Ережепова мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғыс хатымен марапатталды.
Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Қарасаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақкөгершін Темірбаева Қазақстан Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиеваның Алғыс хатымен марапатталды.

