“Туған тіл — тұғырым”

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында “Туған тіл — тұғырым” атты тәрбие сағаты болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау.