16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінде Жуалы аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Үркімбаев, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерғали Тілеубековтың қатысуымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты еске алу кеші өтті. Жаңаталап ауылдық кітапханасының маманы Айман Алтайбекова «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
