«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы Б.Момышұлы музейінде №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты патриоттық сағат өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарман туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.