Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасы №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен «Тұманбай жыры — тұнған сыр» атты поэзия сағатын өтті.
Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
