Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың туғанына 1005 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Түркі әлемінің ұлы ойшылы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Жүсіп Баласағұнның өмір жолын, шығармашылық жетістіктерін насихаттай отырып оқырмандарды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа тәрбиелеу.
