«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Ұлан даланың алып ұлы — Бауыржан Момышұлы» атты танымдық-портрет кеші өтті. Кеш барысында «Топжарған» оқу-білім орталығының «Көркем» орта би тобы «Қамажай» биін нақышына келтіріп билесе, №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Пернеқұл Мейірлан «Жуалы», 6 сынып оқушысы Ғали Мирас «Жаным қазақ» әнін орындады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Дәулетбай Мөлдір «Ұшқан ұя» шығармасынан үзінді, №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Пернеқұл Әдемі, №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 5 сынып оқушылары Дәулетбай Имантай, Нұрхан Азамат белгілі жазушылардың батырға жазған арнауларын оқыды. Әдіскер Г.Шапенва «Ерліктің, адалдықтың асқар шыңы» кітап көрмесі, кітапханашы А.Тасжүрекова Бауыржан Момышұлының фотогаллереясына шолу жасады.
Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.
