«Ұлттық рухтың қайнары»

7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінде Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ш.Оразымбетованың қатысуымен «Ұлттық рухтың қайнары» атты патриоттық сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.