«Ұлтымыздың рухани ұстазы»

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин — 185 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасы №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлтымыздың рухани ұстазы» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметін таныстыру, оның қазақ білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көрсету, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.