«Ұлы елдің ұрпағымыз»

25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі.
 Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлы елдің ұрпағымыз» атты тәрбие сағаты өтті.
 Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты баийлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту.