Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұшқыр арман — нақты мақсат» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.
