«Заманның заңғар тұлғасы»

Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Заманның заңғар тұлғасы» атты әдеби шолу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбіш Кекілбаев туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.