«Заманы аямаған, тағдыры аялаған»

Жазушы, ақын Өтебай Тұрманжанов — 120 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Заманы аямаған, тағдыры аялаған» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілгін арттыру.