«Заманымыздың заңғар жазушысы»

Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Заманымыздың заңғар жазушысы» атты ақпарат сағатын өтті.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.