Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы Ауған соғысы ардагерлері Успанов Пернебай, Тәніберген Байғали, Әсибеков Әлімханның қатысуымен, №2 Мыңбұлақ орта мектебімен бірлесе отырып «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Ерлікке тағзым ету — ұрпақ парызы» атты кездесу кеші болып өтті. Кітапханашы Г.Егеубаева «Заң мен тәртіп — ерлікке тағзым» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.