1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы «Билікөл» бөбекжай-балабақшасының «Көгершіндер» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Жаса, жасай бер балғын бөбек» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.