Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жасанды интеллект ұғымы, оның қоғамдағы, білім мен мәдениет салаларындағы рөлі туралы түсінік беру; заманауи технологиялардың мүмкіндіктері мен маңызын насихаттау; кітапхана оқырмандарының ақпараттық сауаттылығын арттыру, цифрлық ойлау қабілетін дамыту және жаңа технологияларға қызығушылығын ояту.
