«Жаз қоржынындағы ертегі»

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Күреңбел» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Жаз қоржынындағы ертегі» тақырыбында ертегі оқу сағатын өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.