Момынқұл Бекет Әбділдәұлы 1955 жылы Бурное стансасында туған. ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Жамбыл ауданының «Шұғыла» газетінде редактордың орынбасары, одан кейін аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Байзақ аудандық «Село жаңалығы» газетінде редактор қызметтерін атқарды. Облыстық партия комитетінде жұмыс істеді. Облыстық «Знамя труда» газетінде редактордың орынбасары, редактор болып қызмет етті. Сондай-ақ облыстық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Знамя труда» газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. Бүгінгі таңда облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы. Ол еңбек жолында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Бекет Әбділдәұлының Бауыржан Момышұлы туралы «Подвиг продолжается» атты кітабы жарық көрген.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
