Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жемқорлық — ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел өтті. Кітапхана әдіскері Г.Рүстемова «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.
