«Жол таптым бар қазақтың жүрегіне»

Ақын, драматург Сәбит Мұқанов — 125 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жол таптым бар қазақтың жүрегіне» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Сәбит Мұқановтың шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.