Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталар ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жұлдыздан терем өлеңді» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
