«Жұмекен поэзиясы — ұлттық мақтанышымыз»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жұмекен поэзиясы — ұлттық мақтанышымыз» атты поэзия кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті ақын Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.