«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл
Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Жұмекеннің сәулелі ғұмыры» атты әдеби сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті ақын Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.
