Қазақстанның халық әртісі Ғазиза Жұбановаға – 100 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасында Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты Б. Момышұлы ауылы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Саз әлемінің падишасы – Ғазиза» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Мақсаты: көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі Ғазиза Жұбанованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қазақ музыка өнеріне қосқан үлесін таныстыру және ұлттық мәдени мұраны дәріптеу.