Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Хамит Ерғалиевке – 110 жыл
Жуалы ауданы, Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Тұнық жердің тұмары» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Хамит Ерғалиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларды ақынның әдеби мұрасымен таныстыру, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетке деген құрметін қалыптастыру. #ЖуалыОКЖ