![]()
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсарин туғанына — 180 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектеп оқушыларының қатысуымен «Ұлы даланың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қазақ халқының білім беру саласына қосқан үлесін таныту, оқушыларды білімге, еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.