1 мамыр — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Бірлік — ел болашағы” атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.