«Менің сүйікті жазушым»

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті жазушым» атты әдеби кеш өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.