«Астана әсем қала»

🇰🇿6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ

🇰🇿Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Астана әсем қала» атты дөңгелек үстел өтті.

🇰🇿Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру, деректермен білімін, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.