Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Асқақтаған Астана — ел мақтанышы» атты танымдық кеш өтті.
Мақсаты:Қазақстанның елордасы Астана қаласының тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен және еліміздің саяси, мәдени, рухани орталығы ретіндегі маңызымен таныстыру. Жастардың туған елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, елдің жетістіктерін дәріптеу және елордамыздың тәуелсіз Қазақстанның символы ретіндегі рөлін насихаттау.