ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» атты жобасы аясында “Әсем достар” бөбекжай балабақшасының “Күншуақ” тобы бүлдіршіндерінің және Көлбастау ауылдық аналар алқасының төрайымы Бахыт Қанаеваның қатысуымен ертегі оқу сағатын өтті.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
