Ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Қасымның қасқайған рухы” тақырыбында тарих сағатын өтті.
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.