“Қымыздың дәмі – даланың нәрі”
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Берекелі ауыл – Ел мерейі» мәдениет және өнер фестивалі аясындағы кезекті шара Шақпақ өңірінде өтті.
“Қымыздың дәмі – даланың нәрі” атты қымызмұрындық дәстүрі фестивалінде халқымыздың көне дәстүрі дәріптеліп, қымыздың түрлері мен оны баптау ерекшеліктері таныстырылды. Сондай-ақ Шақпақата ауылдық кітапханасы “Қымыз — ауруға ем, сауға қуат” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап көрмесіне салт-дәстүрді насихаттайтын кітаптар мен қымыз туралы мақалдар, “Қымыз шипалы сусын” тақырыбында ауызша журнал ұсынып, Шақпақата тумасы ақын І.Ахметов және Ж.Ахметовтың кітаптарын оқырмандарға насихаттады.
Мерекелік шарада ауыл өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнерді ұлықтады.
Аудандық мәслихат төрағасы Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы алғысөз сөйлеп, қымыз бапкерлерін марапаттады.
Шақпақтың шипалы қымызы – ата кәсіп пен ұлттық дәстүрдің сабақтастығының жарқын көрінісі.
