Ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақ рухының айнасы» атты әдеби сағат өтті.
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ
