12 ТАМЫЗ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ
Асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы-ол жастар! Жастар кез-келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі, ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі.
Жуалы аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен «Жастық жалынмен — жарқын болашаққа» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Мақсаты: Жастардың болашағы жарқын және ашық болатынына сенімділіктерін арттыру, Отанды сүюге, елжандылыққа, адамгершілікке, имандылыққа баулу, ұлттық салт-санасын дамыту
