«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
Жуалы ауданы әкімдігі
ің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылды балалар кітапханасының кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы ұстаз, ағартушы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсаринның 185 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары И.Дәулетбай, ақынның өмірбаяны, А.Азамат, Н.Сәтбай, К.Туребай «Кел, балалар, оқылық», С.Мырзабай «Әй жігіттер», Н.Нұрмахан «Жаз» өлеңдері, С.Бердібек «Бақша ағаштары», Н.Нұрмахан «Бір уыс мақта» әңгімелерін оқыса, М.Беркімбай, А.Жаһанкерім жазушының шығармасынан алынған терең тәрбиелік мәні бар «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қысқаша көрінісімен бөлісті. №30 Көктөбе орта мектебінің оқушысы А.Алғашбай «Жүр досым кітапханаға» әнін шырқап өзінің өнерін ортаға салды. Кітапханашы Г.Егеубаева «Ыбырай Алтынсарин» әдістемелік құрал, «Кел, балалар, оқылық» атты библиографиялық көрсеткіш, «Ыбырай салған сара жол» атты кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйсінің директорының орынбасары А.Жұманова кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Қаниева белсене қатысқан оқырмандарға алғыс білдіріп, марапаттады.