«Әке жүрегі — мейірім мекені»

👨‍👧‍👦ӘКЕЛЕР КҮНІ

🔷Әке – отбасының асқар тауы, шаңырақтың берік тірегі. Оның мейірімі мен қамқорлығы, ақылы мен өнегесі әр баланың жүрегінде мәңгі сақталады. Әке – күштің, сенімнің және сүйіспеншіліктің символы.

🔷Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы және аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы қызметкерлерінің бірлесуімен «Әке жүрегі — мейірім мекені» тақырыбында мерекелік бағдарлама өтті. Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Әке — шаңырақтың тірегі», «Әке — асқар тау» тақырыптарында кітап көрмелерін көпшілік назарына ұсынып, кітапханашы Г.Егеубаева библиографиялық шолу жасады.

🔷Мақсаты: Әке бейнесін дәріптеу, отбасыдағы әкенің жауапкершілігі мен рөлін насихаттау, өскелең ұрпаққа отбасылық құндылықтарды, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру.