Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов — 160 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Әлихан Бөкейханов — ұлт көшбасшысы» атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның елге сіңірген еңбегі мен қоғамдық қызметінің маңызын көрсету, патриоттық сезімін дамыту және тарихи тұлғаларды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.