Жуалы аудандық орталық кітапханасы кітап апталығы аясында «Ақыл мен білім — таусылмас қазына» тақырыбында ашық есік күндерін ұйымдастырды.
Мақсаты: Кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ кітапхананың қызметімен кеңінен таныстыру.