2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Қ.Айтбаеваның қатысуымен «Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы» атты кітап оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.