1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы және «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының ұйымдастыруымен «Бар жақсылық балаларға бұйырсын» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету. #ЖуалыОКЖ