7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Бейбіт күннің қорғаушылары” тақырыбында патриоттық сағатын өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
