«Болашаққа басты қадам»

🇰🇿2026 ЖЫЛ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖЫЛЫ

🇰🇿Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында ауыл тұрғындарының қатысуымен «Болашаққа басты қадам» атты түсіндірме жұмыстары өтті.

🇰🇿Мақсаты: Ауыл шаруашылығын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту мәселелері сөз болды. Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыру ел экономикасының дамуына және ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға зор мүмкіндік беретіні атап өтілді.

#ЖуалыОКЖ

 

            

«Белдескеннен бел бүкпеген

🏅⚜️Спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров — 75 жыл

🏅Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында «Белдескеннен бел бүкпеген» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

🏅⚜️Мақсаты: Қазақ халқының мақтанышы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірі мен спорттағы жетістіктерін насихаттау арқылы оқырмандарға патриоттық тәрбие беру. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортты сүюге, табандылыққа, еңбекқорлыққа және елін, жерін құрметтеуге баулу. Ұлттық рухты көтеріп, болашақ ұрпақты биік мақсаттарға ұмтылуға тәрбиелеу

 

                       

«Руханият»

🔰Жазушы, аудармашы Бақытжан Бауыржанұлы — 85 жыл
🔰Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Руханият» атты тәрбие сағаты өтті.
🔰Мақсаты: Жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Бақытжан Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау; қаламгердің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін дәріптеу. Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
                       

«Адамның басты байлығы — денсаулық»

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында Талапты ауылдық амбулаториясының мейірбикесі Л.Хамзатқызының қатысуымен «Адамның басты байлығы — денсаулық» атты денсаулық сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі ең маңызды құндылық екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғындыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

                

«Аяулы қазақ қыздары»

⚜️Ақын, жазушы Айша Көпжасарова — 85 жас

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында «Аяулы қазақ қыздары» атты мәнерлеп оқу сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Ақын, жазушы Айша Көпжасарованың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

                           

«Қазақтың дара қызы»

⚜️Ақын Марфуға Айтхожина — 90 жаста

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылы Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Қазақтың дара қызы» атты жыр кеші өтті.

⚜️ Мақсаты: Оқырмандарды қазақтың көрнекті ақыны Марфуға Айтхожинаның өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстыру, оның поэзиясының көркемдік ерекшелігін, ұлттық руханиятқа қосқан үлесін насихаттау. Ақын шығармалары арқылы туған жерге, елге, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және кітап оқуға баулу.

 

                       

«Жас толқын»

🔰Жуалы аудандық орталық кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша теолог маманы Р.Абделиев және «Жас толқын» жастар клуб мүшелерінің қатысуымен «Имандылық — адамгершіліктің асыл қасиеті» атты имандылық сағаты өтті.
🔰Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
                  

«Текті мұраның тегі»

⚜️Ақын, сазгер Қасым Аманжолов туғанына 115 жыл

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Текті мұраның тегі» атты портрет кеші өтті.

⚜️Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

«Көңілге көктем сыйлаған»

⚜️Ақын, жазушы Айша Көпжасарова — 85 жас

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы назарларыңызға «Көңілге көктем сыйлаған» атты бейнебаянды ұсынады.

⚜️Мақсаты: Ақын, жазушы Айша Көпжасарованың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

«Террорризм мен экстремизм — қауіпті кесел»

🔰Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Террорризм мен экстремизм — қауіпті кесел» атты дөңгелек үстел өтті.

🔰Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.