


Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандардың қатысуымен » Ел мүддесімен ұштасқан Жолдау» атты талқылау сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізі бағыттарын оқырмандарға таныстыру, елдің әлеуметтік — экономикалық және қоғамдық дамуындағы басым міндеттер туралы түсінік қалыптастыру.

2026 ЖЫЛ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖЫЛЫ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ғылымның дамуына жаңа мүмкіндіктер — «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызын түсіндіру, ғылым мен білімнің, цифрландыру мен жасанды интеллекттің қоғам дамуындағы рөлін таныстыру; жастардың ғылыми ізденіске, білім алуға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

«Туған жер — туған тарих»
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы «Туған жерім — құт мекенім» атты тарихи сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлына арналған «Ерлігі мен өрлігі биік — Бауыржан» атты авторлық жоба аясында аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 10 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім — Бауыржан Момышұлы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.


Ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Текті мұраның тегі» атты портрет кеші өтті.
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Ұлт рухының жыршысы Шерхан Мұртаза» атты талқылау сағаты өтті.
Мақсаты: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, шығармаларындағы ұлттық рух пен елдік құндылықтарды дәріптеу, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру.
#Жуалы ОКЖ

Композитор, дирижер Ахмет Жұбанов — 120 жыл
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында «Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан» атты өнер сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
