«Тарих ғасырлар куәсі»

Батыр, қолбасшы Сәмен Дәненұлы — 320 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи кеш өтті.

 Мақсаты: Оқушыларға қолбасшы Сәмен Дәненұлы жайында мәлімет беру, ұлтжандылық сезімдерін оятып, Отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

                         

«Жазушының өшпес мұрасы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарғы қызмет көрсету бөлімі Талапты ауылының тумасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Жазушының өшпес мұрасы» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында оқырмандар Ш.Мұртазаның шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін көрсетті. Кітапханашы Аида Тәліпбек «Кемел ойлы, зерделі жазушы Шерхан Мұртаза» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

 

                                  

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                         

 

«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы»

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты талқылау отырысы өтті.

 

                           

«Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                             

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты талқылау отырысы өтті

 

                                       

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім»

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім» атты талқылау отырысы өтті.

 

                                    

 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты талқылау отырысы өтті.

 

                              

«Өмір жолы»

Қазақтың атақты шешен биі Әйтеке би — 380 жыл
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Өмір жолы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
                             

«Туған жердің тауы да, тасы да ыстық»

«Туған жер — туған тарих»

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Туған жердің тауы да, тасы да ыстық» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.